Суда жүзуге арналған ең қолайлы аудиоплеер

Суда жүзуге арналған ең қолайлы аудиоплеер

“Finis” компаниясы су өтпейтін “Neptune” аудиоплеерінің финалдық үлгісін жасап шығарды.

Су астында қолданылатын жаңа өнім “Finis SwiMP3” қатарласы секілді сүйекаралық дыбыс жеткізу технологиясына ие. Ол дауысты бірден есту бөлігіне жеткізеді.

Өнертапқыш “Neptune” жаңа ойнатқышын жасап шығаруда барлық дерлік бөліктерді қайта қараудан өткізген. Сол қатарда бас сүйек арқылы музыка жеткізетін құлаққапқа ерекше көңіл бөліпті.

Аталған қондырғы 4 гигабайтты жады мен біріктірілген OLED-дисплейінен және су өткізбейтін (3 метр тереңдікте сүңгуге де бола береді) қосымшадан тұрады.

Сурет:centroarts.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига