Теннис жұлдыздарының сәнді немесе оғаш шаш үлгілері

Теннис жұлдыздарының сәнді немесе оғаш шаш үлгілері

Бүгін сіздердің назарларыңызға әлемдік теннис жұлдыздарының, оның ішінде ерлердің сәнді немесе оғаш көрінген шаш үлгілерін ұсынамыз. Олардың жалпы саны 20. Сонымен әрқайсысына жеке тоқталып өтсек:  

20. РОДЖЕР ФЕДЕРЕР 

Әлемдік теннис тарихындағы тірі аңыздардың бірі швейцариялық теннисші Роджер Федерер 20-орынға жайғасты.

1

19. РАФАЭЛЬ НАДАЛЬ 

Испандық теннисші Рафаэль Надаль әлемдік рейтингтегі сияқты бұл рейтингте де Федерерден алыстай қойған жоқ. Ол 19-орында. 

2
 
18. ФЕЛИСИАНО ЛОПЕС 

Надальдың отандасы Фелисиано Лопесты әлемдік әйелдер теннисінің мүшелері ең тартымды еркек деп бекер айтпаса керек. Ол бүгін 18-орынды иеленді. 

3

17. МАРКОС БАГДАТИС 

Багдатистің Australian Open-2006 додасындағы және бүгінгі келбеті. Айырмашылық жер мен көктей. 

4

Әрі қарай біздің тізімде француз үштігі: 

16. ГАЭЛЬ МОНФИС 

5

15. ЖО-УИЛФРИД ТСОНГА 

6 

14. ЖИЛЬ СИМОН 

7

Әрі қарай кеттік. Бердых пен Хьюитт – екеуі де кордта болсын, сәнде болсын нағыз шеберлер екені белгілі. 

13. ТОМАШ БЕРДЫХ 

8

12. ЛЛЕЙТОН ХЬЮИТТ 

9
 
11. ФЕРНАНДО ВЕРДАСКО 

11-орынға испан теннисшісі Фернандо Вердаско орналасты.

10
 
10. ГОРАН ИВАНИШЕВИЧ

Уимблдон-2001 жарысында топ жарған теннисші кейін шашын қысқартып, жаңа үлгі қойды. 

13

9. НОВАК ДЖОКОВИЧ 

Әлемдік теннистің көшбасшысы серб Новак Джоковичсіз ешбір рейтинг қызық болмасы анық. Ол бүгін 9-орында. Оң жақтағы сурет әрине оның орындауындағы кезекті әзіл. Ал сол жақтағысы теннисшінің Дэвис Кубогы жолындағы жеңісті жарысында түсірілген суреті. 

14

8. ГУСТАВО КУЭРТЕН 

8-орында Новак пародиялаған Густаво Куэртен тұр!

15

7. ХУАН МАРТИН ДЕЛЬ ПОТРО 

Аргентиналық теннисші Хуан Мартин Дель Потроның жастық шағындағы және қазіргі кездегі суреті 7-орында. 

16

6. МАРАТ САФИН 

Ресейлік теннис жұлдызы Марат Сафин үш түрлі шаш үлгісімен 6-орынға жайғасты. 

17
 
5. ЭНДИ МАРРЕЙ 

Әлемнің үздік ракеткаларының бірі британдық Энди Маррей өзінің ерекше шаш үлгісінің арқасында бүгін 5-орынға тұрақтады.

18

4. ДЖОН МАКИНРОЙ 

80-жылдардағы теннис жұлдызы Джон Макинрой 4-орында. 

19

3. ДЖЕЙМС БЛЭЙК 

Бүгінде имиджін түбегейлі өзгерткен американдық Джеймс Блэйк үздік үштікті қорытындылап тұр. 

20

2. ЯНКО ТИПСАРЕВИЧ 

Мына бір суретсіз Янко Типсаревич екінші орыннан ойып тұрып орын алмас еді. Бірақ бұл жолы ол бәрін таң қалдырды. 

21

1. АНДРЕ АГАССИ 

Сонымен қорытындылайық. Бүгінгі тізімнің көшін американдық теннис жұлдызы Андре Агасси бастады. 

22

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mystylebell.comdownthelinetennis.com,

 menstennisforums.comtennis.com
 

Б. Қосмағамбет