Олимпиада жүлдегерлері мемлекеттік награда алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік награда беру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақ Орданың ресми сайты хабарлады. 

Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:

Сметов Елдос Бақтыбайұлы - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

ІІ дәрежелі "Достық" орденімен:

Чиншанло Зульфия Салахаровна - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

"Құрмет" орденімен:

Асәділов Дархан Абсадықұлы - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

Берульцева Софья Полихроновна - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

Бибосынов Сәкен Исмадияр угли - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

Санаев Нурислам Валентинович - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

Сон Игорь Сергеевич - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.