14 жастағы қытайлық Олимпиада чемпионының әкесі 30 миллион фунт стерлинг сыйақыдан бас тартты

14 жастағы қытайлық Олимпиада чемпионының әкесі 30 миллион фунт стерлинг сыйақыдан бас тартты
Фото: Getty Images

Токио Олимпиадасында 10 метрге биікке секіруде алтын медаль алған Цюань Хунчанның отбасы сыйақы ретінде ұсынылған ақшадан бас тартты. Бұл туралы Mirror мәлімдеді.

14 жастағы спортшының отбасына үй мен көп ақша ұсынылды. Марапаттардың жалпы сомасы 30 миллион фунт стерлингті құрады. Бірақ Хунчанның отбасы ақшаны алудан бас тартты.

Алтын медаль алғаннан кейін, Хенчан төрт жыл бұрын жол апатына ұшыраған анасына көмектесу үшін ақша жинағысы келетінін айтқан болатын.

Ол Гуанджун провинциясында дүниеге келген, әкесі фермер. Спортшының сұхбатынан кейін Чжэцзян ауруханасы анасы мен науқастың атасына толық медициналық көмек көрсетті.

The Global Times басылымының хабарлауынша, қаладағы үш кәсіпкер оған үй, дүкен, бүкіл отбасы үшін ойын-сауық саябақтарына, хайуанаттар бағына және курорттарға баруға өмір бойы тегін билет ұсынған.

Бірақ чемпион қыздың әкесі Венмао барлық ұсыныстан бас тартты.

"Ұсыныс жасаған барлық ұйымға алғыс айтқым келеді. Бірақ мен бір тиын да алмаймын", - деді ол.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қытай 38 алтын, 32 күміс және 18 қоламен жалпы командалық есепте екінші орын алды.

А. Оралқызы