Токио Олимпиадасында жаңа рекорд орнады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Токио Олимпиадасында жаңа рекорд орнады

Токиодағы Олимпиада ойындарында 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алды. Бұл – Олимпиада ойындарының рекорды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах мәлім етті.  

2020 жылғы ойындарға 205 Ұлттық Олимпиада комитетінің спортшылары, сондай-ақ босқындар командасы қатысқан.

"Токиода жаңа рекорд орнады. 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алды, бұл алдыңғы рекордтан алты есе көп", - деді Бах ХОК сессиясында.
 
Токиодағы Олимпиада ойындары бүгін, жексенбіде аяқталады. Барлық жарыс көрерменсіз өтті.

"Олимпиадаға байланысты COVID-тың таралуы болмады. Ойынға қатысушылардың 0,02 пайызынан ғана оң сынама нәтижесі алынды. Бұл өте төмен көрсеткіш", - деді Бах.
Кеше, 7 тамызда Қазақстан Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарын ресми түрде аяқтады.

Ұлттық құраманың қоржынына соңғы медальді каратэші Софья Берульцева әкелді. 20 жастағы спортшы жартылай финалда Мысыр өкілі Ферял Абделазизмен кездесіп, жеңіліп қалды. Есеп - 5:4. Софья Берульцева ойындардың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, қазақстандық спортшылар Токиода сегіз медаль жеңіп алды - барлығы қола. Қазіргі уақытта Қазақстан медальдік есепте 81-орында тұр.

Қазақстан құрамасында 2020 жылғы Олимпиада жүлдегерлері: боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңкабаев, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, дзюдошы Елдос Сметов, каратэшілер Дархан Есаділов пен Софья Берульцева, сондай-ақ еркін күресші Нұрислам Санаев.

tengrinews.kz

Г. Берік