Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында қола медаль үшін белдесуде жеңіліп қалды 

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасын қола медаль үшін үндістандық Баджранг Пуниямен белдесті.  

65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков қарсыласына 6:0 есебімен есе жіберіп, жүлдесіз қалды. Белдесу барысынжа үнді балуаны физикалық жағынан басым екенін дәлелдеді. Ол кейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы, 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.

Айта кетейік, Қазақстандық балуан кеше ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевтен жеңіліп қалған еді. Алайда Алиев финалға шығып, Ниязбеков қола медальға таласуға мүмкіндік алған болатын.