Ниязбеков Токио Олимпиадасында қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды

Ниязбеков Токио Олимпиадасында қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жұбаныш жекпе-жегінде алғашқы қарсыласын жеңіп, қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды.

65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков қола медаль үшін тартысқа түскен. Жүлдеге таласу үшін ол сенегалдық Адама Диаттемен кездесіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті. 

Енді ол қола медальді үндістандық Баджранг Пуниямен сарапқа салады. 

Қазақстандық балуан кеше ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевтен жеңіліп қалған еді. Алайда Алиев финалға шығып, Ниязбеков қола медальға таласуға мүмкіндік алған болатын. 

65 келіге дейінгі салмақта үндістандық Бажранг Пунияға қарсы жекпе -жек Астана уақытымен 16:30 шамасында өтеді. Оны Хабар телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

А. Оралқызы