София жартылай финалға шығып, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсірді

София жартылай финалға шығып, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсірді
Фото: Olympic.kz

Токиодағы Олимпиададада отандасымыз София Берульцева үшінші жекпе-жегін 5:4 есебімен аяқтап, жеңісті әзербайжандық Заретска Иринадан жұлып алды.

Каратэші София Берульцева алғашқы қарсыласымен (түркиялық) 5:5 есебімен тең түсті. Екінші қарсыласын (италиялық) 5:1 есебімен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. 

Айта кетейік, осыған дейін каратэші Дархан Асәділов Олимпиадада қола медаль алған болатын. София Берульцеваның жүлдесі каратэден екінші медаль болмақ.

Бұған дейін ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, сондай -ақ дзюдошы Елдос Сметов пен бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев және Сәкен Бибосынов және балуан Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанған болатын.

А. Оралқызы