Қазақстандық София Берулцева Олимпиададағы екінші жекпе-жегінде жеңді

Қазақстандық София Берулцева  Олимпиададағы екінші жекпе-жегінде жеңді
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық каратэші Софья Берулцева 2020 жылғы Олимпиададағы екінші жекпе -жегін өткізді.

Ол қарсыласы болған итальяндық Сильвия Семерароны 5:1 есебімен жеңді.

Берулцева бірінші жекпе -жегін тең аяқтады. Топта бірінші және екінші орын алған спортшылар жартылай финалға өтеді. Қазақстандықты алда тағы екі жекпе -жек күтіп тұр.

Айта кетейік, бүгін Токиода өтіп жатқан Олимпиадада 6 спортшымыз 5 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Спортшыларымыздың толық кестесін мына жерден көре аласыз.

А. Оралқызы