Дәулет Ниязбеков пен Әлішер Ерғали жартылай финалға өте алмады

Бүгін Токио төрінде татамиге шыққан Дәулет Ниязбеков пен Әлішер Ерғали ширек финалға жеткенімен, жартылай финалға өте алмады.

65 келідегі Дәулет Ниязбеков ширек финалда әзербайжан балуаны, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Гаджи Әлиевтен айласын асыр алмады. 9:1 есебімен жеңілді.

97 келідегі Әлішер Ерғали түрік балуаны Сүлеймен Қарадеңізбен кездесті. 8:7 есебінде аз ұпаймен жеңілді.

Айта кетейік, кешегі кездесулерде еркін күрестен қазақстан құрамасына қоржынына бір қола келді. Оны алған - 57 келідегі Нұрислам Санаев. 

Бүгін тағы бір балуанымыз қола жүлдеге таласпақ. Данияр Қайсанов кездесуі 15.50-ге жоспарланған.