6 тамызда жарыс жолына шығатын спортшылар кестесі

6 тамыз, ертең балуандар Валентина Исламова, Дәулет Ниязбеков пен Әлішер Ерғали, сондай -ақ каратеші Нұрқанат Әжіқанов өнер көрсетеді. Ал түстен кейін Данияр Қайсанов қола үшін күреседі.

6 тамызда жарыс жолына шығатын спортшылар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Байдарка мен каноэде есу. Жұптық. Екілік. 500 метр
06:37. Светлана Усова, Маргарита Торлопова

Байдарка мен каноэде есу. Ерлер. Жекелей. 1000 метр
06:52. Сергей Емельянов

Көркем гимнастика. Көпсайыс. Іріктеу
07:20. Алина Әділханова

Еркін күрес. Ерлер. 1/8 финал
08:30. 65 кг. Дәулет Ниязбеков – Алехандро Вальдес (Куба)
08:30. 97 кг. Әлішер Ерғали – Мохаммед Фардж (Алжир)

Әйелдер күресі. 50 келі. 1/8 финал
08:30. Валентина Исламова – Люсия Йепес (Эквадор)

Заманауи бессайыс. Әйелдер
11:54. Елена Потапенко

Жеңіл атлетика. Спорттық жүріс. 20 шақырым. Әйелдер
13:30. Айман Ратова

Каратэ. Ерлер, 75 келі. 
14:00. Нұрқанат Әжіқанов

Еркін күрес. Ерлер, 74 келі. 3-орын үшін
15:50. Данияр Қайсанов.