Tokyo: Қазақстан еркін күрестен алғашқы медальді қоржынға түсірді

Токио Олимпиадасында еркін күрестен қазақстандық балуан Нұрислам Санаев ақтық кездесуін өткізді. 57 келіде татамиге шыққан отандасымыз бұұлғар балуаны Георги Вангиловпен кездесті.

Жарақатпен шыққан отандасымыз жинақы, сауатты күресті. Әдістерді орынды жасады. Есеп 7:1. 

Айта кетейік, еркін күрестен қола медальға таласар тағы бір отандасымыз бар. 74 келідегі Данияр Қайсановтың күресі ертең өтпек.

Қазақстан құрамасы осымен жетінші медальді қоржынына түсірді. Медальдің барлығы - қола.