Данияр Қайсанов әлемнің екі дүркін чемпионынан жеңілді

Токио Олимпиадасының еркін күрестен ақтық сыны өтіп жатыр. Жартылай финалға шыққан 74 келідегі қазақ балуаны әлемнің екі дүркін чемпионы, ресейлік балуан Заурбек Сидаковпен кездесті.

Алайда жинақы, сауатты күресе білген отандасымыз ресей балуанынан айласын асыра алмады. 11:0 есебімен жеңілді.

Енді Данияр Қайсанов қола медаль алу үшін күреспек. Жекпе-жегі ертең өтеді. 

Айта кетейік, еркін күрестен енді жарыс жолына шығар бір спортшымыз қалды. Ол – 57 келідегі Нұрислам Санаев.