Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарында бокстан алтын медальсіз қалды

Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарында бокстан алтын медальсіз қалды

Бүгін Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы кездесуі өтті. 52 келіде жарыс жолына шыққан отандасымыз Ұлыбританияның спортшысы Галаль Яфайден 3:2 есебімен жеңіліп, қола медальды қанағат тұтты. Аса тартысты өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына қарағанда көбірек соққы жасады. Бірақ бұл көмектеспеді. Төрешілер жеңісті Ұлыбритан спортшысына берді.

Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарында бокстан алтын медальсыз қалды. Токио Олимпиадасы  Қазақстан бокс тарихындағы ең нашары болды. 

Олимпиададағы медальдар тізімі:

1996 ж
Алтын: Василий Жиров
Күміс: Болат Жұмаділов
Қола: Болат Ниязымбетов, Ермахан Ибраимов

2000 ж
 Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов
 Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдәбеков

2004 ж
Алтын: Бақтияр Артаев
Күміс: Геннадий Головкин
қола: Серік Елеуов

2008 ж
Бақыт Сәрсекбаев
Еркебұлан Шыналиев

2012 ж
Серік Сәпиев
Әділбек Ниязымбетов
Иван Дычко

2016 ж
Данияр Елеусінов
Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит
Иван Дычко

2020 ж
Қола: Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Күнқабаев

Қазақстан әйелдер боксынан (2012 жылғы Олимпиада ойындарынан бастап):

2012 ж
Қола: Марина Волнова

2016 ж
Қола: Дариға Шәкімова

Айта кетейік, бұл – қазақстан құрамасының бокстан алған екінші медалі. Аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев та қолда жүлде иемденді.

А. Оралқызы