Теннисші Елена Рыбакина Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Теннисші Елена Рыбакина Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Фото: Владислав Семенов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда испан теннисшісі Гарбинье Мугурусаны ұтты. 

Ойын 1 сағат 32 минутқа созылды. Елена бірінші сетте 7:5 есебімен басым болса, екінші сетті 6:1 есебімен аяқтады. 

Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққан қазақстандық тұңғыш теннисші. Бұл кезеңде отандасымыз швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Н. Үсенова