Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарын екінші айналымда аяқтады

Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарын екінші айналымда аяқтады
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токиодағы Олимпиада ойындарын екінші айналымда аяқтап, жүлде жолындағы бәсекеден шығып қалды. 

Ерлер арасында 90 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ислам Бозбаев екінші белдесуінде әзербайжан спортшысы Мамадәлі Мехдиевке есе жіберді. Белдесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, "вазари" ұпайымен жеңіске жетті. 

Ислам Бозбаев бірінші белдесуінде бразилиялық Рафаель Македоны 31 секундта иппонмен жеңіп шығып, сәтті бастаған еді. 

Дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов ұтып алған болатын.

Н. Үсенова