FIFA 21 мұқабасында – Килиан Мбаппе

FIFA 21 мұқабасында – Килиан Мбаппе
Фото: Eurosport

ПСЖ футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе FIFA 21 симуляторының үш бірдей мұқбасында жарық көреді.

Футбол симуляторының тарихында тұңғыш рет ойынның барлық бетінде жалғыз футболшы шығады. Мысалы, FIFA 20 ойынының мұқбаларында Эден Азар, Вирджил Ван Дейк және Зинедин Зидан болған еді. Сондай-ақ, әр аймақтың өзіне тән мұқабасы болатын.

- Франшиза жас ұрпаққа жақындап келеді. Мұқабаға біздің ойынымыздың болашағын көрсете алатын атлет қажет болды. Таңдауымыз Килианға түсті, - дейді ойын жасаушы Кам Вебер.

Бұған дейін әлемнің ең қымбат ойыншысы футбол симуляторы тарихында тұңғыш рет  ең жоғарғы – 100 OVR рейтингін алған еді. Сондай-ақ Франция құрамасы мен ПСЖ-ның шабуылшысы Килиан Мбаппе PES 21 симуляторында 100 ұпайдың 100-де алып, рекорд жасады. Ойын барысында футболшының шеберлігін одан сайын арттыра түсуге болады.

Жаңа FIFA 21 ойыны 9 қазан күні шығады деп күтілуде. Тіпті бір апта алдын шығуы да мүмкін. Себебі дәстүрлі түрде қыркүйек айының соңғы аптасында көпшілікке ұсынылатын.

Егер ойынға 14 тамызға дейін алдын ала тапсырыс берілсе, бірнеше арнайы бонустар беріледі. FIFA 21 ойынын PlayStation 4, Xbox One, PC және Switch арқылы ойнауға болады. Одан кейін PS5 және Xbox Series Х үшін де қолжетімді болмақ.

Килиан Мбаппенің ең жоғары ұпай алуына оның трансфердегі құны әсер еткенДәл қазір ол әлемдегі ең қымбат футболшы саналады. "Пари Сен-Жермен" шабуылшысының трансферлік құны 259,2 миллион еуроны құрайды. 

А. Рысдәулет