Қазақстан құрамасы PES ойынына енді

Қазақстан құрамасы PES ойынына енді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы танымал PES ойынына енді. Бұл туралы ойынды әзірлеуші KONAMI компаниясы ресми мәлімдеді.

Қыркүйек айында жарыққа шығатын PES 2020 симуляторы ойынға енген барлық құрамаларының тізімін жария етті. Бұл тізімге алғаш рет Қазақстан құрамасы кіріп отыр. Бұған дейін біздің команда PES ойынында да, оның басты бәсекелесі FIFA-да да болған емес.

Сондай-ақ бүгін белгілі болғандай, Pro Evolution Soccer симуляторы УЕФА мен ЕУРО-2020 турнирінің ресми серіктесі атанды. Осы себепті ойынның алдағы сериясында УЕФА-ға мүше болған барлық құрамалар енді. 

Pro Evolution Soccer ойынын Жапонияның Konami студиясы әзірлейді. Алғашқы сериясы сонау 1996 жылы шыққан, алайда PES атауы тек 2001 жылы қолданысқа енгізілді. 

Айта кетейік, PES 2020 симуляторы 27 қыркүйек күні жарық көреді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер