Қазақстанда World of Tanks ойынынан халықаралық турнир өтеді

Қазақстанда World of Tanks ойынынан халықаралық турнир өтеді

Биыл қыркүйек-қазан аралығында Қазақстанда аты аңызға айналған World of Tanks ойынының жанкүйерлері арасында BrainWarrior турнирі өтеді. Турнирдің жүлде қоры – 1 миллион теңге.

Іріктеуге қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан танкистер шақырылады. Танк шайқастары (желі бойынша ойын) online-да 3*3 ойыншы форматында өтеді. Ойыншылар Wargaming платформасында 2 іріктеу толқынын және жеңімпаздар анықталатын финалды күтеді.

World of Tanks ТМД-дағы ең ірі ойыншылар аудиториясына ие. Бүгінгі таңда Қазақстандағы World of Tanks аудиториясының саны 1,5 миллионға жетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, BrainWarrior байқауына 400-ге жуық команда қатысады.

1 миллион теңгенің бас жүлде қорынан басқа, ұйымдастырушылар ұтыс ойындары мен жағымды тосынсыйлар күтетін турнир көрермендеріне қолдау көрсетеді.

World of Tanks — бұл ХХ ғасырдың ортасында құрышпен қапталған машиналарға арналған командалық онлайн ойын. Ойыншылардың иелігінде Екінші дүниежүзілік соғыстың нақты орындары негізінде жасалған 30 жауынгерлік карта және жалпы саны 600 бірліктен асатын 11 ұлттың тарихи техникасы бар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Балаға спорт үйірмесін таңдауына қалай көмектесу керек?
Балаға спорт үйірмесін таңдауына қалай көмектесу керек?