Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды

eFootball PES 2020 футбол симуляторының My Club режимінде 2020 жылғы Еуропа чемпионатына арналған жаңартулар енгізіліп жатыр.

Бүгіннен бастап Франция, Бельгия және Италия құрамаларының арнайы картасы қолжетімді болады. Үш құрамадан сегіз ойыншының сипаттамасы жоғарылаған.

Футол симуляторы тарихында тұңғыш рет футболшы ең жоғарғы – 100 OVR рейтингін алды. Франция құрамасы мен ПСЖ-ның шабуылшысы Килиан Мбаппе 100 ұпайдың 100 алып, рекорд жасады. Ойын барысында футболшының шеберлігін одан сайын арттыра түсуге болады. 

FRANCE-BELGIUM-ITALY NATIONAL TEAM SELECTIONhttps://t.co/JVCi3Mu7f7https://t.co/JVCi3Mu7f7@YOUNESS8894 @HATIM0510 @Lumengerika @snelsoccer @flash_pes pic.twitter.com/ciXhVaBUEv

— Xtreme Pes (@xtremepes_YT) July 9, 2020

Килиан Мбаппенің ең жоғары ұпай алуына оның трансфердегі құны әсер еткен. 21 жастағы ол әлемдегі ең қымбат футболшы саналады. "Пари Сен-Жермен" шабуылшысының нарықтағы құны 259,2 миллион еуроны құрайды.