Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?

Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?

Токиода 2020 жылдың шілдесіне жоспарланған 32-ші жазғы Олимпиада пандемияға байланысты 2021 жылға ауыстырылды. Бұл үлкен үзіліс ХОК-қа (Халықаралық Олимпиада комитеті) Олимпиада өткізу рәсімдерін қайта қарауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік ойындар бала дамуына пайдалы

ХОҚ Олимпиаданы жастар арасында насихаттау үшін түрлі жолдарды қарастырып жатыр. Осы мақсатта скейтбординг, серфинг, альпинизм сияқты спорт түрлерін Олимпиада ойындарына қосу да алдағы уақыттың еншісінде.

"Олимпиадаға жастарды тарту туралы сөз қозғалғанда ұлттық құрамаларға да киберспорт түрлерінен бәсекеге түсу мүмкіндігі берілуі керек", деп жазады The Economist.

Қайсысы танымал: дәстүрлі немесе киберспорт?

Электрон ойындары ат спорты немесе керлинг сияқты олимпиада ойын түрлеріне қарағанда танымал. Жалпы, электрон ойындары дәстүрлі спортқа қарағанда жастар арасында көбірек талқыланады. Статистикаға сәйкес, Ұлыбританиядағы 16-19 жас аралығындағы балалардың 28% -ы дәстүрлі спортты ұнатса, 57% -ы видео ойындарға қызығушылық танытады.

Көпшілік киберспорт ретінде сипатталған компьютерлік ойындар нағыз спорт бола алмайды деп санайды. Бірақ кәсіби лигалар түріндегі бейне ойындар стадиондарды толтыратын дәстүрлі спорт түрлерімен бәсекелесе алады.

©olympic.kz

Мысалы, әлемде турнирлерге қатысып ақша таба алатын 200-ге жуық теннис жұлдызы бар делік. Ал, 5 адамнан тұратын команда қатысатын бейне ойындардың бірі "Фантастикалық Лигадан" (киберспорттық жарыстардың бірі) мыңнан аса адам табыс табады. Былтырғы лига финалын 45 миллионға жуық адам тамашалаған.

Футбол мен бейсбол да наразылық тудырған

Дамып келе жатқан спорт түрлерінің танымалдылығы әрқашан қиын болған. 1314 жылы Англия королі Эдуард II ұлдарына садақ ату кедергі келтіреді деген пікірмен футболға тыйым салуға тырысты. ХІХ ғасырда Америка Құрама Штаттарындағы кейбір тақуа адамдар бейсболға құмар ойын ретінде қарсы шықты.

Киберспорт дәстүрлі спорт сияқты шеберлік пен ептілікті қажет етеді – кәсіби ойыншы секундына бес түрлі қимыл жасай алуы шарт. Сонымен қатар, вертуалды ойындар ат спортына қарағанда арзанырақ және ыңғайлы.

©gazeteistanbul.com

Қарсылар

Киберспорт сыншылары Олимпиаданың басты мақсаты халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз ету, ал киберспорт болса зорлық-зомбылық идеяларын тудырады деп санайды.

Сондай-ақ, баскетбол ешкімге тиесілі емес және "Аңыздар лигасы" видео ойыны Қытайдың Tencent мегакорпорациясына тиесілі деген пікірлер бар.

Бірақ бұл көзқарастар толық дәлелденбеген. Тәуелді заттардан басқа, белгілі бір қызмет түрлері де тәуелділікке әкелуі мүмкін деген пікір дәрігерлер арасында даулы мәселе. Виртуалды ойындар мен зорлық-зомбылықтың байланысы туралы қарама-қайшылықты пікірлер бар.

©rbc.ru

Жақтаушылар

Егер Олимпиада ойындарының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әскери рухтағы спортқа орын жоқ деген көзқарас дәлелденбеді. Біздің заманымызға дейінгі 708 жылы найза лақтыру, еркін және грек-рим күресі Олимпиада ойындарына кірді және олар әлі де тізімде. Садақ ату мен семсерлесу алғашында жауынгерді дайындауға арналған еді.

Бұдан бөлек, киберспорт жанкүйерлері қала көшелерінде футбол немесе хоккей жанкүйерлері сияқты тәртіпсіздіктерге жол бермейді.

Киберспорт ойындары белгілі бір компанияларға тиесілі деген мәселе емес. Өйткені, Олимпиада трансляция мен демеушіліктен миллиардтаған табыс табады. Коммерциялық рухтың болуы ойындардың қызықты әрі көңілді өтуін қамтамасыз етеді. Әзірлеушілер өздері жасаған ойынды Олимпиада тізіміне енуі үшін қызықты әрі жағымды етіп дамытуға тырысып жатыр.

Киберспорт Олимпиада ойындарының құрамына кірсе, бірақ бұл тәжірибе өзін ақтамаса да мәселе емес.  ХОК келесі де оны бағдарламадан шығару арқылы мәселені шешеді. Бұрын да крекет, арқан тарту, жекелеген синхронды жүзу сияқты спорт түрлері Олимпиада бағдарламасына енгізіліп, кейін қайтадан шығарылды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты