Футбол жұлдызы Бекхэм киберспорт командасын сатып алды

Футбол жұлдызы Бекхэм киберспорт командасын сатып алды
Фото: Stone Forest

Футбол жұлдызы, "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" мен "Лос-Анджелес Гэлакси" командаларының бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм киберспорт әлеміне қосылды.

Дэвид Бекхэм Guild киберспорт клубының иесі атанды. Футбол жұлдызы киберспорт жобасына 25 миллион фунт қаржы салуды жоспарлап отыр. Guild Rocket League, FIFA және Fortnite ойындарынан үш команда жасақтап, күзден бастап халықаралық жарыстарға қатысады. 

 – Мансабымда тек үздік ойыншылармен иық тіресе ойнау мүмкіндігі болды. Олардың жанарынан отты, кеудесінен сенімді көрдім. Дәл осы қасиет киберспортшыларда да бар. Guild командасына жаңа мақсат қойып, соған бірге жетеміз, - деді Бекхэм таныстыру сөзінде.

А. Рысдәулет