Qazaq Cybersport Federation киберспорт туралы подкаст жасайды

Qazaq Cybersport Federation киберспорт туралы подкаст жасайды

Қазақстан киберспорт федерациясы маусым айының соңында киберспорт жайлы подкаст сериясын жариялайды.

Подкасттың бірінші бөлімі 25 маусым күні YouTube пен "ВКонтакте" желісінде шығады. Алғашы бөлімде "Gaming бренд платформа ретінде. Кейстер, тәуекелдер, болашақ" тақырыбы қарастырылады.

Qazaq Cybersport Federation ойын нарығы мен киберспорттағы content-making талдайды. Бүгінде киберспорт ойын өндірісімен тікелей байланысты. Сондай-ақ, көптеген әлемдік брендтер даму жолында киберспорт нарығына бет бұрды.

2016 жылы World of Tanks тәртібінде бақ сынайтын HellRaisers киберспорт командасы бір компаниямен қосылып, Tornado Esports Team ұйымына айналды.

Подкастта стример, радиожүргізуші, спорт және киберспорт комментаторы Алдияр Жекешов пен Tornado Esports Team ұйымын құрушы Андрей Иванов пікір алмасады. Трансляцияны 25 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен vk.com/qcf_kz және youtube.com/c/PingerPro сілтемелерінен көруге болады.