Counter-Strike 1.6 ойынын енді браузерде ойнауға болады

Counter-Strike 1.6 ойынын енді браузерде ойнауға болады

2000 жылы жарыққа шыққан Counter-Strike 1.6 ойынын енді браузерде онлайн ойнауға болады. Мұндай мүмкіндік CS-ONLINE.CLUB сайтында пайда болды.

Ойынға бірінші рет қосылғанда ойын ұзақ жүктеледі. Мұнда de_dust2 және cs_assault7 сияқты танымал карталар бар. Ойнау үшін сайтқа тіркеліп немесе ақы төлеудің қажеті жоқ.

Ойында ескі модельдер қолданылған, сондықтан бұл Counter-Strike-тың 1.5-нұсқасына ұқсас.

Бұл материал жазылып жатқанда ойында 966 қолданушы онлайн болды. Кездейсоқ ойыншымен ойнағысы келмейтіндер жеке сервер жалдауына болады, бірақ бұл функция ақылы.

 
Massaget.kz