WhatsApp-та ең көп сұранысқа ие функция пайда болады

WhatsApp-та ең көп сұранысқа ие функция пайда болады
Фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджеріне чаттарды Android-тан iPhone-ға көшіретін функция қосу жоспарланып жатыр. Бұл туралы Meta бас директоры Марк Цукерберг Facebook-те мәлімдеді, - деп хабарлайды "Массагет".

Meta бас директорының айтуынша, чат тарихын көшіру мүмкіндігі ең көп сұранысқа ие функция.

"Біз WhatsApp-қа шифрлауды сақтай отырып, телефондар арасында ақпаратты қауіпсіз көшіру және чаттарды, сурет-видеоларды, дауыстық хабарламаларды Android пен iPhone арасында алмасу функциясын қосамыз. Бұл - ең көп сұранысқа ие функция. Былтыр біз iPhone-нан Android-қа ақпарат көшіру функциясын қостық, енді Android-тан iPhone-ға көшіруді қосып жатырмыз", - деді Цукерберг.

Д. Шәріпхан