PlayStation 5-ке арналған ойындарға шолу

PlayStation 5 биылғы жылдың соңында ресми таныстырылады. Алайда әлі күнге ол туралы ақпарат тым аз. Massaget.kz PlayStation-ның бесінші нұсқасында болатын барлық ойынның тізімін жасап көрді.

Godfall ойыны The Game Awards 2019 барысында таныстырылды. Лутер-слэшердің релизі 2020 жылдың соңына жоспарланған. 

– Assassin's Creed Valhalla. Ubisoft франшизасының жаңа бөлімі викингдер дәуірі жайлы болмақ. Ойында норвегиялықтардың Англияға қоныс аударға сәті көрсетіледі. Ал бас кейіпкер жергілікті халықпен күреседі.

– Gods & Monsters. Танымал Assassin's Creed Odyssey ойын жасаушылардан тағы бір керемет туынды. Бұл ойын Ежелгі Грек аңыздарының желісімен құрастырылған.

– Tom Clancy's Rainbow Six Quarantine. Үш ойыншыдан тұратын команда жатпланеталықтармен күресуі қажет.

– Watch Dogs: Legion. Хакерлер жайлы ашық әлемдегі ойын. Жаңа бөлімде бас кейіпкер Лондонда шытырман оқиғаны бастан өткізеді.

– Outriders. Ғылыми-фантастика сеттингіндегі шутер. 2020 жылдың соңында шығады.

– Observer: System Redux. 2017 жылы шыққан ойынның жалғасы. Бұл жолы авторлар ойынның графикасын жақсартып, сюжетін кеңейткен.

– Paradise Lost. Екінші дүниежүзілік соғыс 20 жылға созылған тұста бас кейіпкер ядролық соғыс бастаған нацистерге қарсы тұруы қажет.

– Vampire: The Masquerade — Bloodlines 2. Action-RPG жанрындағы ойын. Бас кейіпкер вампирге айналып, өлілер қауымымен күреседі. 

– Madden NFL 21. Америка футболының симуляторы тамыз айында компьютер иелеріне жол тартады. Ал жыл соңына қарай PlayStation 5 және Xbox Series X консольдарына шығады. 

– DiRT 5 – жолсыз жердегі жарыс. Ойында көліктердің сан алуан түрі ұсынылған. Сондай-ақ, жеке мансабыңызды бастауыңызға болады. 

– WRC 9. Раллиден әлем чемпионатының ұсынған ресми ойыны. 

– The Lord of the Rings: Gollum. Барад-дур қамалынан қашқан Голлумге арналған ойын. Авторлар Жерорта теңізінің маңайын ойында қайталап шыққан. 

– Scarlet Nexus. Бас кейіпкер адамзатты мутанттардан қорғайды. 

– Soulborn. Скандинавия аңыздарының желісі бойынша ашық әлемдегі күрес. Ойын сюжеті бойынша жүздеген жылдар бұрын Тордың балтасын бас кейіпкер алады. 

Жалғасы бар...