Қарымта кездесуге қатысатын боксшылар белгілі болды

Қарымта кездесуге қатысатын боксшылар белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс топтамасының (WSB) жартылай финалына шыққан «Astana Arlans» пен «Mexico Guerreros» командалары арасындағы  қарымта кездесуге қатысатын боксшылардың есімдері белгілі болды.

20 сәуір күні Алматының «Almaty Towers» бизнес орталығында өтетін бұл кездесуде алғашқы болып ең жеңіл салмақтағы, яғни 54 келіде жерлесіміз Бағдат Әлімбеков пен Парон Аламеда жұдырық түйістіретін болады. Ал 61 келі салмақ дәрежесінде «Арландардың» капитаны Самат Бәшенов мексикандықтардың белруссиялық легионері Вазген Сафарьянға қарсы тұрмақ.

73 келіге дейінгі салмақта біздің команданың намысын украиндық легионеріміз Сергей Деревянченко қорғайтын болды. Сергейге қарсы мексикандықтар Ирландия елінің былғары қолғап шебері Конрад Каммингсуды қойыпты.

Жартылай ауыр салмақта (85 келі) «арландардың» ирандық боксшысы Эхсан Рузбахани мен серб Боян Мискович кім мықтыны анықтайды. Ал 91 келіден жоғары аса ауыр салмақта Руслан Мырсатаев мексикалықтардың тағы да бір серб боксшысы Милутин Станковичқа қарсы тұрады.

Егер екі кездесудің нәтижесі бойынша, есеп тең болатын болса, онда финалға шығатын команда 61 келі салмақтағы «арлан» Эрик Мартин Донован мен Фернандо Альварез арасындағы кездесуге байланысты болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл командалар арасындағы алғашқы Мексикада өткен кездесу 3:2 есебімен «Астана Арланс» командасының пайдасына шешілген болатын. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН