Бостон марафоны трагедиямен аяқталды

Бостон марафоны трагедиямен аяқталды

Кешегі күні, 15 сәуірде осымен 117-рет өткізіліп отырған Бостон марафонының ақтық мәресінде жарылыс орын алды. Нәтижесінде адам өлімі орын алған.

Солтүстікке қарайлас Бойлстон-стрит бөлігіндегі мәре сызығы тұсында жарылыс болған. Дәл сол уақытта, бірнеше секундтар өтер-өтпесте екінші жарылыс орындалыпты. Жергілікті полиция өкілдері бір ғана жарылыс болды деп сендіріп отырған көрінеді.

New York Post басылымының таратып отырған ақпараты бойынша, 12-ге жуық адам жан тәсілім еткен. Ал Fox News телеарнасы отызға жуық адамның құрбан болғанын хабарлап отыр.

Айта отырсақ, Бостон марафоны әлемдегі ең ірі додалардың үздік бестігіне кіреді. Осы жылы 117-рет өткізіліп, әлемнің түкпір-түкпірінен 24 мыңға жуық спортшы барған екен.

сурет:ru.msn.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига