Мексикаға баратын «Арландар» анықталды

Мексикаға баратын «Арландар» анықталды

12 сәуір күні Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалдық кездесулерінің біріншісі өтеді. Бұл серияның аясында еліміздің намысын қорғап жүрген «Астана Арланс» командасы түзде «Мексика «әтештері» командасына қарсы өткізеді. Осыған орай, қос команданың да бапкерлері осы кездесуге қатысатын боксшылардың тізімін жария етті.

Сонымен Мексиканың астанасы Мехико қаласында өтетін бокс кешінде бірінші болып шаршы алаң төріне ең жеңіл (54 келі) салмақтағы былғары қолғап шеберлері шығатын болады. «Арландар» атынан бұл жекпе-жекке Сергей Корчинсикй бастаған бапкерлер қосыны Мейірболат Тойытовты дайындап отыр. Бұл топтамада Мейірболат бір кездесу өткізіп, жеңіліп қалған. Ал оның қарсыласы Элиас Эмигдио. WSB  топтамасының жеңіл салмақтағы ең үздік боксшысы. Яғни, өз салмағындағы рейтингтің көш басында. Сондықтан да Мейірболат Тойытов үшін бұл кездесу оңайға соқпайтыны анық.

Жеңіл салмақта (61 келі) біз Ержан Мұсафировтың өнеріне тәнті боламыз. Ол WSB тізімінде 18-сатыда орналасқан. Ержанға қарсы мексикалықтар Хуан Рамероны шығаруды жөн көріпті. Жеке рейтінгі - 6. Жалпы, WSB топтамасының үш маусымында 14 кездесуге қатысып, 4 жеңіліс тапқан.

Орта салмақта «Арландар» сапынан команда қатарына жуырда ғана келген Әбуязит Угурчиевті қосып отыр. Бұл боксшы әуесқойлар арасында сәтті өнер көрсеткен. Бапкерлердің айтуынша, Әбуязиттің соққысы жойқын екен. Дегенмен біздің боксшы Марвин Кабрераға қарсы кездесуде нағыз сынақтан өтпекші. Өйткені, Марвин WSB сериясының 73 келі салмағында көш басында келеді. Ол бұл маусымда алты мәрте ринг төріне көтеріліп, алтауында да жеңіске жеткен.

85 келі, яғни жартылай ауыр салмақта «Арландардың» намысын хорватиялық легионеріміз Хрвое Сеп қорғайтын болады. Сеп бұл маусымда біздің команданың атынан төрт кездесуге қатысып, оның үшеуінде жеңіске жеткен. Жалпы WSB додасында 16 кездесу өткізіп, 5-еуінде жеңіліп қалған. Хрвоенің қарсыласы да оңай деуге келмейді. Себебі, Исаак Муньос рейтингте 2-орындағы боксшы. Ол осы уақытқа дейін 6 кездесу өткізіп, тек ресейлік Данил Шведтен ғана жеңіліп қалған.

Ал аса ауыр салмақта Херардо Мигел Бисбал мен Филип Хргович жұдырықтасатын болады.

Айта кетейік, Мехикодағы жекпе-жек кеші Астана уақытымен 13 сәуірде таңғы сағат 8:00-де басталады. Сондай-ақ, дәл осы күні Италияда «Милан найзағайлары» мен «Украина атамандары» арасындағы жартылай финалдық кездесу де өтеді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: alasharena.kz

Ю. НИКУЛЛИН