Отандастарымыз «Abu Dhabi Desert Challenge» додасына аттанады

Отандастарымыз «Abu Dhabi Desert Challenge» додасына аттанады

Ертең, яғни 4 сәуір күні, «OFF ROAD Kazakhstan» деп аталатын командамыз Біріккен Араб Әмірлігінде автокөліктер арасында өтетін «Abu Dhabi Desert Challenge» додасына жол тартатын болады.

Бұл жарыс барысында біздің экипаж мүшелері Халықаралық автокөліктер федерациясының (FIA) ұйымдастырып отырған екінші, ал Халықаралық мотоциклдер федерациясының бірінші Әлем кубогына қатысатын болады.

«OFF ROAD Kazakhstan» командасының атынан байрақты бәсекеге Nissan Patrol көлігінің жүргізушісі Жанат Жәлімбетов пен Марат Абыкаев қатыспақ. Ал T2 «Production» тұжырымы бойынша, Nissan Patrol Y61 көлігімен жүргізуші Денис Березовский мен жол көрсетуші Алексей Никижев жолға шығады.

Африканың шөлді аймақтарында өтетін жарыс жолына біздің еліміз тұңғыш рет қатысқалы отыр. «OFF ROAD Kazakhstan» командасының бұрынғы менеджері болған Александр Линник бұл жолы Yamaha Paptor 700 атты квадроциклімен жарысқа түспек. Александр Линниктің айтуынша, бұл квадроцикл арнайы польяк жүргізушілерінің техникаларымен жабдықталған екен. Оның үстіне жүргізушінің өзі де жарты ай көлемінде Польша еліне барып, біршама жаттығудан өткен. Сондықтан да бұл тұжырым бойынша, біздің команда сәтті өнер көрсетуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ Африканың шөлді даласында жуырда ғана  құрылған еліміздің тағы бір «MOBILEX Rally Team»  командасы  қатысатын болады. T2 нұсқасында бұл команданың атынан М440 көлігінде жүргізуші Қанат Шагиров пен көмекші Александр Мороз қатыспақ.

 Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: Жеке мұрғаттан

Ю. НИКУЛЛИН