«Арландар» жартылай финалда мексикалық боксшылармен кездеседі

«Арландар» жартылай финалда мексикалық боксшылармен кездеседі

Бүкіл Әлемдік бокс сериясында бірінші болып жартылай финалға шыққан «Астана Арланс» командасы бұл сында Мексика елінің «Мексика әтештері» командасымен күш сынасатын болады.

WSB сериясының ширек финал аясында біздің былғары қолғап шебері «Аргентина кондорс» командасын 7-3 есебімен жеңген болатын. Ал Ұлыбритания жерінде «Арыстан жүректілерден» 1-4 есебімен жеңілген «Мексика әтештері» өз шаршы алаңдарында 5-0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Енді жартылай финалдың алғашқы кездесуі 12 сәуір күні Мексикада өтеді. Қарымта кездесу 20 сәуір күні Алматыда өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, WSB  топтамасында «Астана Арланс» пен «Мексика әтештерінен» бөлек, екінші жұпта «Италия найзағайлары» мен «Украина атамандары» кездесетін болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: worldseriesboxing.com 

Ю. НИКУЛЛИН