Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Спорттағы жетістіктеріміз

Спорттағы жетістіктеріміз

Спорттағы жетістіктеріміз

 Қазіргі қазақ спортының дамуына халқымыздың асыл мұрасына айналған көкпар, қыз қуу, белбеу тартыс, арқан тартыс, күрес сынды ұлттық ойындар ықпал етті деп толықтай айта аламыз. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, олардың аттарын келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың борышы деп санаймыз. Сонымен, еліміздің елеулі спорттық жетістіктерінің шежіресін есімізге түсіріп көрейік. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін. Бұған дәлел ретінде тарихтан білетін қазақ халқының мақтанышы Қажымұқан Мұңайтпасұлының, Балуан Шолақтың, Серік Қонақбаевтың жетістіктерін айтуға болады. Қажымұқан Мұңайтпасұлының  спорттық өмірбаянын қарастырып көрейік.

 Бала кезден Мұқан күреспен айналысып, түрлі жиындарда, той-томалақтарда қарсыластарымен белдесіп, жеңіске жететін. Уақыт өте келе, Мұқан кәсіпқой балуан болып, халықаралық жарыстарда қазақтың намысын қорғаған. Спорттық мансабында Мұқан 28 мемлекетті аралап, қоржынына 56 медаль салып, қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан.


Қажымұқан секілді Балуан Шолақ та күрес өнерінің хас шебері еді. Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың композиторлық дарыны да болған. Балуан 14 жасында күресті ермек етіп, жеңіс тұғырынан талай рет көрінетін. Орыстың палуаны Иван Кореньмен бақ сынасып, оның қабырғасын сындырған еді. Сол кезде қазақ батыры 35 еді.

Тәуелсіздің алғаннан кейінгі азат еліміздің алғашқы спорттық жетістіктеріне көзімізді жүгіртейік. 1993 жылы Қазақстанның хоккей құрамасы Словенияда өткен әлем чемпионатына қатысып, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы чемпион атағын Өскемендік Торпедо командасы еншіледі. 1995 жылы Қазақстанның құрамасы Азия кубогінің жеңімпазы атанып, келесі жылы Қытайдың Харбин қаласында Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді. Бұған қоса, еліміздің хоккей саңлақтары 1999 жылы Корей елінің Чангвон қаласында өткен Азия чемпионатында үздік ойын көрсетті.

Бокста да біраз жетістікке жеттік. Еліміздің былғары қолғап шеберлері жеңіс шыңдарынан талай рет көрінген, әлі де көрінетініне сенеміз. 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында Василий Жиров қарсыласын тізе бүктіріп, ақтық сында алтын медаль еншілеген. Ал Болат Жұмаділов болса, кеудесіне күміс алқа тағып, Сиднейдегі Олимпиадада дәл осы көрсеткішті қайталаған. Сол Олимпиадада Мұхтархан Ділдәбеков күміс алқа тағып, бірнеше рет Азия мен әлем чемпионы атанған.

Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Еркебұлан Шыналиев, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев сынды батырларымыз Олимпиада ойындарында бақ сынасып, маңдайлары жарқырап, алға шықты.

Спорттың басқа түрлерінде де саңлақтарымыздың жеткен жетістіктері аз емес. Қазақ спорты үшін 2000 жыл аса сәтті болды деуге толық негіз бар. Сиднейдегі Олимпиада жарыстарында Ольга Шишигина аруымыз алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Қазіргі кезде ол жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу жұмыстарымен айналысып, қазақ спортының дамуына зор үлесін қосып жатыр. Әлия Юсуповадай көркем гимнастика өнерінің хас шебері жайлы айтпай кетпеу мүмкін емес. Әлия 2004 жылы Афины қаласында ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында жеңіске жетпегенімен, еліміздің ұлттық біріншіліктерінде қатарынан бес рет топ жарған. Қазіргі кезде Әлия өз жеке мектебін ашып, кішкентай шәкірттеріне гимнастиканың қыр-сырын үйретіп жатыр.

Қазақта Бокс пен күрес қатар жүреді ғой. Тәуелсіз еліміздің күресте де бірталай жетістіктері бар. Солардың бір-екеуін атап кетейік. 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында Аслан Житкеев күміс медаль еншілесе, Теңізбаев Нұрбақыт  грек-рим күресінен қола медаль таққан.

Соңғы спорттық оқиғаларға келетін болсақ, бүкіл Азия құрлығындағы барлық спортшылардың басын қосқан жетінші қысқы Азия ойындарында біздің спортшылар керемет ойын көрсетіп, бүкіл дүниежүзіне қазақ атын паш еткен. Еліміздің қос астанасында өткен дүбірлі додада спортшыларымыз 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальді еншілеп, үздіктер көшін бастап келді.


Жақында Парижде өткен ауыр атлетика біріншілігінде еліміздің  көк байрағы желбіреді. Бұл жарыстың нәтижесі бойынша, 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшылардың есімдері анықталды. Аталған жарысқа біздің елдің 8 бірдей спортшысы аттанбақ. Париждегі жарыста 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Илья Ильин 407 келіні бағындырып, қанжығасына алтын медаль байлаған. Қыздардың арасынан Зульфия Чиншало мен Майя Манеза ерекше көзге түскен. Қызу тартыста Зульфия қарсыластарынан басым түсіп, керемет өнер көрсеткен. Нәтижесінде елімізге алтын бұйырды. Майяның да көрсеткен өнері мақтан тұтарлық. Манезаның еншісінде қола медаль.

 Бразилияның Кальдас-Новас қаласында өткен шахмат әлем біріншілігінде де қазақ халқы сыйлықтан құр алақан қалмады. Сегіз жасар Бибісара Асаубаева вьетнамдық  Вуйонг Май Хан атты қарсыласынан жеңіліс тапқанымен, қалған сегіз кездесуде үздік ойын көрсетіп, алтынға қол жеткізді. Ал Жансая Әбдумалік қарсыластарынан басым түсіп, жерлесі Бибісара секілді алтынды қоржынына салса, оралдық Әлібек Игамбергенов 104 шахматшының арасынан ерекшеленіп, қола медальді қанжығасына байлады.


 Құрметті оқырман, айтылмаған жетістіктерімізді толықтырып, спорттық шежіреміздің жарық көруіне сіздер де атсалысып, үлестеріңізді қоса аласыздар.

Суреттер prosportkz.kz. yvision.kz, saparbaeva.ucoz.kz сайттарынан алынғаy

Форумда талқылау

28717 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 22 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
22 ақпан 2012, 16:23

Жансаяны айтам-ау кіп-кішкентай болып алып, молодец, риза болам

+0
22 ақпан 2012, 17:00

Аха, Жансая нағыз молодец қыз

+0
22 ақпан 2012, 17:00

ia mende rizamyn ogan))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...