Сочиге 30-дан астам жолдама алдық

Сочиге 30-дан астам жолдама алдық

Қазақстан Сочи қаласында өтетін XXII қысқы Олимпиада ойындарына 30-ға жуық лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру агентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған КазТАГ. 

Сәрсенбі күні агенттіктің таратқан ақпаратында "Сочиде өтетін XXII  қысқы Олимпиада ойындарына 30 лицензия жеңіп алынды", - делінген.

Естеріңізге сала кетсек, Лондонда (Канада) мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында  қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен күміс медаль иеленіп, Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиада ойындарына екі лицензия жеңіп алды. Сонымен қатар, Сочи қаласында коньки тебу спортынан өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Кузин алтыннан алқа тағынып, қоржынымызға үш жолдама алып берген болатын. Бұл Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медаль. 

Айта кетсек, XXII қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында Ресейдің Сочи қаласында өтеді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: pixelsport.ru

Ж. FM