Astana Arlans пен Argentina Condors өз құрамдарын таныстырды

Astana Arlans пен Argentina Condors өз құрамдарын таныстырды

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы ширек финалда кездесетін Argentina Condors пен Astana Arlans командаларының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Сонымен, 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаң иесі Альберто Мелиан қазақстандық Ерлік Абдраимовке қарсы шықса, келесі 61 келіге дейінгі салмақта Хуан Карраско команда капитаны Самат Бәшеновпен жұп құрады.

Карлос Брайан Кастаньо мен жеңіліс көрмеген "арлан" Сергей Деревянченко 73 келіде мықтыны анықтайды. 85 келілік категорияда Ямиль Перальта Astana Arlans командасының легионері хорват Хрвое Сепке қарсы шығады. 

Кештің соңғы кездесуін 91 келіден жоғары боксшылар Оскар Рикардо Перез пен румын Михай Нистор арасындағы жекпе-жек аяқтайды.

Argentina Condors пен Astana Arlans арасындағы ширек финалдық алғашқы матч 25-наурыз күні Аргентинада Астана уақытымен таңертеңгі 7:00-де басталады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport.nur.kz 


Б. Қосмағамбет