Евгений Плющенко: ӘЧ-дегі жеңіске Денис Тен лайық

Евгений Плющенко: ӘЧ-дегі жеңіске Денис Тен лайық

Олимпиада чемпионы, Ресей фигурисі Евгений Плющенко мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында жеңіс қазақстандық Денис Тенге берілу керек еді деп есептейді.

"Жеңген Патрик Чан емес, оның федерациясы. Бұл менің, яғни, мәнерлеп сырғанаудан хабары бар адамның ойы. Денис Тен бұл Әлем Чемпионатында жеңді!", - деп жазды Плющенко Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Массагет 16 наурыз күні аяқталған мәнерлеп сырғанау біріншілігі нәтижесінде қазақстандық Денис Теннің күміс жүлдеге ие болғандығын айтқан болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengrinews.kz

Massaget