«Вуэльта Каталония» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар анықталды

«Вуэльта Каталония» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар анықталды

Велоспорттан Испанияның Калелье қаласында өз бастауын алатын «Вуэльта Каталония» көпкүндігіне «Астана» велокомандасының атынан қатысатын шабандоздар анықталды.

Жеті кезеңнен тұратын бұл додаға «Астана» командасының бас менеджері Джузеппе Мартинелли қазақстандық Александр Дьяченко мен Андрей Кашечкинді, италиялық велоспортшылар Валерио Аньоли, Фабио Ару және Франческо Гавацциді, дат Якоб Фульсангты, сонымен қатар ресейлік Егор Силинді жарыс жолына шығатындардың қатарына қосыпты.

Айта кетейік, он екі күнге созылып, жеті кезеңнен тұратын бұл жарыс Калелье қаласынан басталып, Барселона қаласында аяқталатын болады. Жалпы бұл бәсекеге «Pro Team» сенімхатын алған оннан аса команда қатысады деп күтілуде.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: prosportkz.kz 

А. Құлтай