Қазақстан мен Германия арасындағы ойында грек қазысы төрелік етпек

Қазақстан мен Германия арасындағы ойында грек қазысы төрелік етпек

22 наурызда өтетін Қазақстан мен Германия арасындағы ойында Грекиядан келген қазылар алқасы төрелік ететін болды, деп хабарлайды Қазақстанның Футбол Федерациясы.

Бас төреші болып Анастасиос Какос сайланса, өз кезегінде көмекшілер есепті Кристос Акривос пен Димитриос Татсис жұмыс атқаратын болды.

Қосалқы төрешілер: Анастасиос Гиакос. Бақылау қызметі поляк азаматы Збигнев Пржесмицкийге сеніп тапсырылды.

Естеріңізге сала отырсақ, Германия мен Қазақстан арасындағы ойын 22 наурыз күні өтеді.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек алдағы ойынға төмендегі ойыншыларды шақыртқан:

Қақпашылар: Антон Цирин ("Жетісу", Талдықорған), Андрей Сидельников ("Ақтөбе"), Александр Мокин ("Шахтер", Карағанды);

Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов ("Астана"), Константин Энгел ("Энерги" Коттбус, Германия), Марк Гурман ("Қайрат",Алматы), Мұхтар Мұхтаров ("Ордабасы",Шымкент), Александр Киров ("Астана"), Виктор Дмитренко ("Астана"), Юрий Логвиненко ("Ақтөбе");

Жартылай қорғаушылар: Ұлан Қонысбаев ("Астана"), Мақсат Байжанов ("Шахтер", Қарағанды), Валерий Коробкин ("Астана"), Хайнрих Шмидтгаль ("Гройтер Фюрт" Фюрт, Германия), Дмитрий Шомко ("Ертіс", Павлодар), Павел Шабалин ("Ертіс", Павлодар), Анатолий Богданов ("Тобыл", Қостанай), Бауыржан Жолшиев ("Тобыл", Қостанай), Жамбыл Көкеев ("Шахтер", Карағанды), Марат Хайруллин ("Ақтөбе"), Қазыбек Гетериев ("Қайрат", Алматы);

Шабуылшылар:  Дәуренбек Тәжімбетов ("Шахтер", Қарағанды), Сергей Остапенко ("Астана"), Таңат Нөсербаев ("Астана");

Қосалқы құрам: Азат Нұрғалиев ("Ордабасы", Шымкент), Сергей Гридин ("Ақтөбе"), Сергей Хижниченко ("Шахтер", Карағанды), Марат Шахметов ("Астана"), Алмат Бекбаев ("Тобыл", Қостанай), Елдос Ахметов ("Тараз"), Александр Кислицын ("Қайрат", Алматы).

сурет:sport.nur.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига