«Арландардың» ширек финалдағы қарсыласы анықталды

«Арландардың» ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Бокстан Бүкіләлемдік бокс сериясының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды. Бұл тізімде плей-офттық кезеңге бірінші болып жолдама алған «Астана-Арланс» командасы да бар.

Енді елордалық команда ширек финал барысында Аргентинаның намысын қорғайтын «Аргентина Кондорс» клубына қарсы өткізбек. Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 22 наурыз күні Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтсе, ал қарымта кездесу 29 наурыз күні Алматының Балуан-Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін болады.

Сондай-ақ, WSB-дің жартылай финалдық жолдамалары үшін Польша мен Италия, Ұлыбритания мен Мексика, Әзірбайжан мен Украина елдерінің командалары таласатын болады.

Айта кетейік, егер «Астана-Арланс» командасы ширек финалдық кездесулерінде жеңіп жатса, жартылай финалда біздің жігіттер Польша мен Италия клубтарының арасындағы жеңімпазбен кездесетін болады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН