Патрик фон Лиувен - "Қайрат" клубының спорт директоры

Патрик фон Лиувен - "Қайрат" клубының спорт директоры

Келесі маусымнан бастап алматылық "Қайрат" клубының барлық дерлік ересектер тобына қызғалдақтар елінің өкілі Патрик фон Лиувен басшылық ететін болады. 

Фон Лиувен - өткен күннің кәсіби ойыншысы. Ротердамдық "Спарта" командасында 90 жылдардың ортасында өнер көрсеткен. Ойыншы есепті жетістіктерге жете қоймаса да, 1996 мен 2005 жылдар аралағында "Фейенорд" командасының бапкерлік қосынында қызмет атқарған. Өз кезегінде академия жаттықтырушысы, координатор, селекциялық қызмет көрсет орнының басшысы болыпты. 2006 жылдың ақпанында донецкілік "Шахтерге" қоныс аударып, академия директоры болып қызмет атқарып келген.

"Патрик секілді бапкермен келісім-шартқа отырғанымызға қуаныштымыз, - деп команданың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев айта келе, - енді ол спорт директоры есепті академияның түлектерімен жұмыс атқарады. Қазіргі таңда ол жеке басына қатысты істермен жүр және бірнеше аптада өз міндетіне ауыспақ", - деп қорытындылайды.

сурет:shahta.org 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига