Көп күттірген футбол. Кім жеңеді?

Көп күттірген футбол. Кім жеңеді?

Қос қарсылас «Сантьяго Бернабеу» стадионында тең есеппен тарасқан еді. Осы бүгін «Олд Траффорд»-жасыл алаңында қарымта кездесулерін өткізбек. Қай мықтысы келесі айналымға жолдама алатын болады.

Жозе Моуринью, "Реал" командасының бас бапкері:

"Менің командам қорғаныста жанкешті қимылдау керек. Алайда, біз шабуылдау үшін келіп отырмыз...Қазіргі таңда «Юнайтед» командасы толысқан шақта. Осымен бірнеше ай бойына жеңілмей келеді. Әрине, біздің де шама-шарқымыз адам қуантарлық. Кім біледі, ойын тағдырына нендей жағдаяттар әсер етер екен. Бүгін бүкіл әлем тоқтап, футбол спектаклін тамашаламақ".

Сэр Алекс Фергюсон, «МЮ» клубының бас бапкері:

"Менің ойымша, бұл ойында бірнеше гол соғылып, екі жақ та көзге түсуі тиіс. Ең бастысы, біздерге қарсыластан көп гол соғу қажет. ..."Реалмен" арадағы кездесу үлкен қобалжу туғызып отыр. Екі команда да өз қалыптарында. Өткен аптада мадридтіктер екі бірдей "Класико да" айқын жеңіске жетті. Не керек, керемет ойын болғалы тұр".

Ойын Астана уақытымен 01:45-те басталады. Массагет.кз-пен бірге болыңыздар.

сурет:fikr.uz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига