"Барселонадан" бақ тайды ма?

"Барселонадан" бақ тайды ма?

Елді екіге бөлген "Эль Класико" өтті. Кеше Испания ішкі біріншілігінің 26-турында мадридтік "Реал" командасы өз алаңында каталондық "Барселонаны" 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ойынның сегізінші минутында Альваро Мората сол жақ қапталдан әуелетіп әдемі пас тастаған болатын. Қорғаушылардан тасада қалып кеткен Карим Бензема екі метр жерден мүлт кетпеді. Өз кезегінде каталондықтардың жауабы көп күттірмей, араға көп уақыт салмай жатып-ақ Лионель Месси Даниэл Алвес берге пастың арқасында Диего Лопесты қапы қалдырып, есеп таразысын теңестіріп кете алды.

Аталған ойындағы шешуші голды Серхио Рамос соғып, командасына жеңіс сыйлады. 

Үш ұпай алу арқылы 55 ұпайға қол жеткізген «Реал» командасы ішкі біріншіліктің үшінші орнында тұрақтап қала берді. Ал 68 ұпаймен «Барселона» клубы турнирдің бірінші сатысында көш бастап тұр.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған:Уәлихан Қосанбай 

Л. Лига