Ярослава Шведова Бразилиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Ярослава Шведова Бразилиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилияда өткен WTA Brasil Tеnnis Cup турнирінің жеңімпазы атанды.

Бразилиялның Флорианополис штатында өткен бұл турнирде отандасымыз испандық Анабель Медина Гарригеспен жұптасып өнер көрсеткен болатын. Турнирдің финалдық кездесуінде Шведова мен Медина Гарригес жұбы британдық Энн Кеотавонг пен ресейлік Валерий Савиныхты 6:0, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 25-жасар отандасымыз Бразилияда өткен додада жұптасып өнер тұжырымында өзінің жетінші жеңісіне жетті.

Сондай-ақ қоса кетсек, тағы да бір қазақстандық теннисші Галина Воскобоева да National Indoor Tennis Championships турнирінің жеңімпазы атанды.

 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz 



Ю. НИКУЛЛИН