Ауыр атлетикадан Азия біріншілігінің өтетін мерзімі анықталды

Ауыр атлетикадан Азия біріншілігінің өтетін мерзімі анықталды

2013 жылы Қазақстанның астанасында өтетін Азия чемпионатының өтетін мерзімі анықталды. Бұл туралы ауыр атлетикадан Азия федерациясының ресми сайты ақпарат таратты.

Ақпаратқа сүйенетін болсақ, елордада енді Азия біріншілігі 20 және 26 маусым аралығында өтетін болады. Негізінен Сары құрлықтың үздік ауыр атлеттері Астана қаласында сәуір айының басында жиналу керек болатын. Бірақ, сәуір айында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі өтетіндіктен, Азия чемпионатының уақытын өзгертуге тура келді.

Айта кетейік, Астанада өтетін біріншілікке Азияның отыздан астам елі қатысатын болады. Ертеректе ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нидің айтқанындай, бұл біріншілікке Қазақстан атынан Лондон Олимпиадасында топ жарған зілтеміршілер қатыспайды.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: wfrk.kz

Ю. НИКУЛЛИН