Рафаэль Надаль финалға шықты

Рафаэль Надаль финалға шықты

Әлемнің бесінші ракеткасы Рафаэль Надаль Винья-дель-Марда өтіп жатқан турнирде финалға шықты.

Кешегі күні испандық теннисші жартылай финалда француз Жереми Шардимен кездескен болатын. Аустралияның ашық чемпионатында ширек финалға дейін жеткен Жереми өзінен әлдеқайда тәжірибелі әрі жүлделі қарсыласын төр геймде ғана ұта алды - 6:2, 6:2.

Енді Надаль финалда аргентиналық Орасио Себальоспен жүздеседі. Ал Орасио өз кезегінде жартылай финалда отандасы Карлос Берлокты  6:3, 7:6 (4) есебімен ұтқан-ды. 

Себальос өзінің теннистегі мансап жолында осымен екінші рет АТР турнирінің финалына шығып отыр. Естеріңізде болса, 2009 жылы шешуші ойында украиндық Сергеюй Стаховскойға жеңіліп қалған еді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига