Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Нонито Донэр 2012 жылдың үздік боксшысы атанды

Нонито Донэр 2012 жылдың үздік боксшысы атанды

Нонито Донэр 2012 жылдың үздік боксшысы атанды

Орта салмақта WBO тұжырымының чемпионы филиппиндік Нонито Донэр америкалық журналистер ассоциациясының нұсқасы бойынша, 2012 жылдың үздік былғары қолғап шебері атанды. Донэр өткен жылы өз атағын төрт мәрте қорғау үшін рингке шығып, төртеуінде де жеңіске жеткен еді. 

Соңғы жеті жылдың ішінде "Жылдың үздік боксшысы" атағын Филиппин былғары қолған шеберлері жеті мәрте жеңіп отыр. Бұған дейін 2006, 2008, 2009 жылдары бұл атақты әйгілі Мэнни Пакьяо жеңіп алған болатын. 

Эдди Фатчтың құрметіне берілетін "Жылдың үздік бапкері" атағы Нонито Донердің бапкері Роберт Гарсияға берілді. Роберт Гарсия осы уақытқа дейін жеңіл салмақта әлемнің экс-чемпионы Брендон Риос және WBO тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы Мигель Анхель Гарсияны жаттықтырып келеді.

Желтоқсан айында Мэнни Пакьяо мен Хуан Мануэль Маркес төртінші рет кездесті. Кездесу барысында Маркес қарсыласынан ұпай айырмашылығы бойынша жеңіліп жатқан. Бірақ, кездесудің алтыншы раундында күтпеген жерден нокаутпен жеңіп кетті. Дәл осы кездесуді тілшілер өткен жылдың "Жыл кездесуі" атағына лайық деп, Мұхаммед Әли мен Джо Фрейзер атындағы сыйлық берген. 

1

HBO арнасының комментаторы әрі шолушысы Макс Келлерманға 2012 жылғы бокс саласындағы үздік журналист атағы берілді. 

01

Ал 25 жасар америкалық боксшы Дэниэл Джейкобсқа мамандар "Батылдығы мен шыдамдылығы" үшін арнайы сыйлық берді. Ол соңғы мәрте ринг төріне 2011 жылдың наурыз айында шыққан. Содан кейін ол рак ауруымен ауырып, біршама уақытын емделуге жіберген. Джейкобс ұзақ уақыт емделуден кейін, биыл қайта үлкен спортқа оралды. 

Бокс саласында үздік "Менеджер" атағы америкалық Эл Хэймонға бұйырды. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: allboxing.ru

711 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 30 қаңтар 2013, 09:47
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...