Хави «Барселонамен» келісімшартын ұзартты

Хави «Барселонамен» келісімшартын ұзартты

«Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Хави каталондық клубпен шартнамасын ұзартты.

Енді Испания құрамасының негізгі құрам ойыншыларының бірі «Барселона» сапында 2016 жылдың 30 шілдесіне дейін өнер көрсететін болады. Шартнамаға жартылай қорғаушы дүйсенбі күні клуб президенті Сандро Росель, команданың вице-президенті Хосеп Мария Бартомеу және атқарушы директоры Андони Субисарреттаның қатысуымен қол қойды.

Естеріңізде болса, ертеректе каталондық командамен 2016 жылға дейін команданың капитаны Карлес Пуйоль келісімін ұзартқан болатын. Енді алдағы уақытта «Алтын доптың» төрт дүркін жеңімпазы Лионель Месси де «Барселонамен» бес жылдық келісімшарт жасасады деп күтілуде.

Айта кетейік, 33 жасар Хави өзінің спорттық ғұмырының барлығын «Барселонада» өткізген. Ол осы уақытқа дейін каталондық команданың жейдесінде алаңға 659 мәрте шығып, 79 голмен көзге түскен.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН