Денис Тен Ригада топ жарды

Денис Тен Ригада топ жарды

Араға уақыт салып спортқа қайта оралған спортшымыз Денис Тен алғашқы жарысын сәтті аяқтады.

Жыл сайын Рига қаласында мәнерлеп сырғанаудан "Volvo Open Cup" турнирі өтіп тұрады. Осы жылы отандық спортшымыз да барған болатын. Ерлер арасында өткен сайыста Тен жалпы есепте 204,33 балл жинап, нәтижесінде турнир жеңімпазы деген атаққа қол жеткізді. 

Қазіргі таңда Денис құрлықаралық үлкен жарыстарға дайындық жасап жатқан көрінеді. Ригадан сенімді оралған жігітіміз, енді өз бабынан тайып көрмек емес.

Денис Теннен басқа да қазақстандық бірнеше спортшы аталған жарысқа қатысқан еді. Мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын енді меңгеріп жүрген балалар арасында өткен додада Аружан Сағынтай, Никита Манко мен Милена Ким есімді жас спортшылар жақсы өнер көрсетті. Өкінішке орай, үздіктер қатарына іліне алмады.

1. Денис Тен (Қазақстан) - 204,33 балл
2. Михаил Коляда (Ресей) - 199,66 балл
3. Рональд Лам (Гонконг) - 177,90 балл

сурет:yvision.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига