Алматы велоклубына Винокуровтың аты беріледі

Алматы велоклубына Винокуровтың аты беріледі

"Алматы велоспортты дамыту спорт клубына" Александр Винокуровтың есімі беріледі. Бұл туралы клубтың директоры Сергей Гуцкалок хабарлады.

"Біз қазір қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасының келісім хатын күтіп отырмыз. Қала әкімі Ахметжан Есімовтың рұқсатын алдық. Александрдың өзімен де ауызша сөйлесіп, разылығын алдық. Клубымызға чемпионның атын осы жылы береміз деп ойлаймын", - деді Сергей Гуцалюк.

"Алматы велоспортты дамыту спорт клубы" қазірдің өзінде алматылықтар үшін сүйікті орынға айналып үлгерді. Барлық қонақтарға велосипед тегін беріледі. Қалағандар интруктордың көмегіне жүгініп, консультация ала алады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: yvision.kz