Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Майя Манеза: «Мені Қытай құрамасы өздеріне шақырып, ұлттық құрамадан орын уәде етті»

Майя Манеза: «Мені Қытай құрамасы өздеріне шақырып, ұлттық құрамадан орын уәде етті»

Майя Манеза: «Мені Қытай құрамасы өздеріне шақырып, ұлттық құрамадан орын уәде етті»

Ауыр атлетикадан Лондон жерінде өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Майя Манеза жуырда қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, өзінің болашақ жоспарларымен бөлісті.

Ол тілшілердің «Қытайға қайта оралу мен аспанасты елі үшін жарыстарға шығу жоспары бар ма?» деп көсе-көлденең қойған сауалына бірден  “Жоқ!” деп жауап берді.

“Мені Қытай билігі шақырып, ұлттық құрамадан орын уәде еткенін жасырмаймын. Ұсыныс Олимпиададағы жеңісімнен кейін түсті. Бұған дейін мұндай ұсыныстар болған емес. Мен Қазақстанды жақсы көремін. Бұл – менің екінші  үйім. Дәл осы жерде менің спортшы ретіндегі бағым ашылды”, – дейді спортшы.

Олимпиада чемпионы сондай-ақ оңтүстік астанамызда балаларға арналған спорт мектебін ашқысы келетінін айтты. «Бастапқы жоспарым бойынша, ол мектеп қала ішінде оқу орындарының біріндегі спортзалда орналасады. Әзірге спорт мектебі қай оқу орнының жанында орналасатыны белгісіз, бірақ бұл жоспарды алдағы алты айдың ішінде жүзеге асырамын»,- дейді.

Сонымен қатар Олимпиада жеңісінен түскен қаржысын Майя шопингке жұмсап жатырмын деді. Жуырда ол өзінің су жаңа Mitsubishi Outlander көлігінің тізгінін де басқармақ. Қазір ол тілмәшімен бірге автомектепте дайындық курсынан өтуде.

27 жасар зілтемірші әзірге тұрмыс құрмайтынын айтты. Бірақ, көңіл қосқан адамының бар екендігін жасырмады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: lowkick.kz

1999 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2012, 12:19
Пікірлер
+0
21 желтоқсан 2012, 13:00

Бұларға Қазақстанда барлық жағдайды жасап тастаған гой. Спорттық ғұмырын аяқтап кетпесе, былай ешқашан кетпейді олар

+0
21 желтоқсан 2012, 13:02

Дұрыс айтады Қазақстан ғой спортшы ретінде бағын ашқан

+0
21 желтоқсан 2012, 13:17

Жүрегі де, бүйрегі де Қытай жаққа бұрып таратындарды жек көремін. Ішкі есеппен жүр ғой біздің елде...

+0
21 желтоқсан 2012, 14:07

әй әй, қу қытайлар ай

+0
21 желтоқсан 2012, 14:18

Сендерге де осындай жағдай жасалса басқа елге кете беретін едіңдер. Сендер ол емес, ол сендер емес, очм.

+0
21 желтоқсан 2012, 17:08

қазақ елін шыныменде жақсы көретін болар? :|

+0
21 желтоқсан 2012, 19:09

Чиншанлоны да шақырып еді Қытай

+0
24 желтоқсан 2012, 11:23

бұл қыздардың түк те ішкі есебі жоқ сияқты, себебі бұлардың бір ғана есебі бао, ол - кір көтеру!

+0
24 желтоқсан 2012, 21:22

Қасқырды қанша асырасаңда орманға қарап ұлиды...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...