Алекс Фергюсон:" "Барселона" ғана таза шабуылшысыз ойнайды..."

Алекс Фергюсон:" "Барселона" ғана таза шабуылшысыз ойнайды..."

«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері сэр Алекс Фергюсон замандық шабуыл шебіне тоқталып отыр. Бұл туралы eurosport.ru хабарлайды.

Ең алдымен "МЮ"-ға енді келіп қосылған Робин ван Персиді атап өткен. 

"Ван Персидің біздің ойын өрнегімізге үйренуіне көп уақыт кете қойған жоқ. "Арсеналдан" келген бетте жасындай жарқылдап қоя салды. Осыған дейін 14 гол соқты. Өз кезегінде біздер шабуылшы шебіндегі жаңа қарқынға куә болдық" ,- деп ағынан жарылыпты.

Сонымен қатар шотландық маман шабуыл шебінде екі ойыншының өнер көрсеткенін қалайды екен.

"Барлық командаларда шабуылшылар бар, тек "Барселонада" ғана жоқ. Мен де кезінде жалғыз шабуылшымен ойнаған болатынмын. Бірақ, ол осыдан 30 жыл бұрын «Абердинені» жаттықтырған кезде орын алған еді. Мен сіздерге айтайын, шабуыл шебінде екі ойыншы өнер көртсеткенде ғана мүмкіндіктердің жаңа қыры ашыла түспек. Ал "Барселона" мүлдем басқаша ойнайды. Олар допқа иелік ету үшін басты мақсатқа қарсыласты қорғаныстан шығара түседі. Бұл тұрғыда көбіне Месси жұмыс атқарады", - деп "қызыл айдаһарлардың" бапкері ішкі сырын жасырып қалмапты.

Және кәнігі бапкер қысқы ауысым кезінде қымбат ойыншыларды сатып алмайтынын айтыпты. Трансферлік қымбат ауысымдардың барлығы дерлік жаз айларында орын алатынын тілге тиек еткен.

сурет:manchester-united.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига